Алматы, Астана және Шымкентте найзағай ойнап, аптап ыстық болады
Фото: pixabay
Мамандардың мәліметінше, еліміздің үш ірі қаласында алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Астана
17 маусымда күн құбылмалы болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C болады.
18 маусымда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C болады.
19 маусымда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C болады.
Алматы
17 маусымда күн құбылмалы, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C аптап ыстық болады.
18 маусымда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +31...+33°C болады.
19 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C болады.
Шымкент
17 маусымда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C болады.
18 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C сақталады.
19 маусымда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C болады.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасы +40°C-қа дейін көтерілуі мүмкін екенін ескерткен болатын.