Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Нұрғали Ниязқұлов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 09:14 Сурет: pixabay
Жамбылда шибөрілер шектен тыс көбейіп, ауыл малдарына ауыз сала бастады. Қас қарайған уақытта қора-қопсыға дейін жақындап, көшелерде емін-еркін жүретін болған.

Қорқаулардан қауіп төнді деген Майтөбе ауылының тұрғындары олардың санын азайтуды сұрап отыр. Мал баққан ағайын өлексе жейтін тағының кесірінен белгісіз ауру тарағанын да айтты.

Талас ауданының тұрғындары қорқау қаптап, мал төлдеу маусымында мезі қылды, дейді. Шибөрілер көше кезіп, ел ішінде еркін жортатынды шығарған. Әсіресе Майтөбе ауылында жағдай қиын, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қасекең азайып жатса, шибөрі көбейіп жатыр ғой. Батыс жағынан да келеді, шығыс жағынан да келеді. Ауылдың ішіне кіріп кетеді. Бұрын біз ондайды көрген емеспіз. Қазір шибөрі деген қаптады ғой, таудан өмірі көрген емеспіз. Қазір ол жақтан да көреміз." Ермахан Жолтаев, Майтөбе ауылының тұрғыны

Есенғали Кемелов жыл басында белгісіз аурудан 40 қойы қырылып қалғанын айтты. Ол өлексемен қоректенетін қорқаулар кесел таратты, деп күдіктенеді.

"Екі кештің арасында толып кетеді. Қозыларды, қойларды жеп жатыр. Өріске шыққаннан кейін канал бойлап келіп, жеп кетіп жатыр. Санын азайту керек боп тұр. Не амал табарымызды білмей отырмыз." Есенғали Кемелов, ауыл тұрғыны

Майтөбеліктер ауыл айналасындағы қау мен қамыстан құтылмайынша тағылардан тыным жоқ, дейді. 7 шақырым жердегі көл шетінде ғана кездесетін топ жиде торалып өсіп, ауылға дейін жеткен.

Ауыл әкімдігі көктемде жидені отауды ойластырмақ. Ал табиғат инспекторлары облыс бойынша 1700-ден аса шибөрі бар дейді. Бұл 800 басқа көп. Популяциясы кеңейген сайын ауру таратады, дейді.

"Шибөрінің саны 2023 пен 2024-ті салыстырмалы түрде қарағанда саны артты. Соған байланысты 2025-ке 737 басқа лимит бөлініп отыр. Түлкілер, қарсақтар, шибөрі, қасқырлардан сынама алу биыл жоспарда бар. Аурудың қайдан тарап жатқаны осы сынама нәтижесіне сәйкес қорытындысы белгілі болады." Нұрғали Ниязқұлов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының міндетін атқарушы

Инспекция бір аңшы жылына 3 қасқыр, 3 шибөрі ата алады, дейді. Ол үшін рұқсат қағазын электронды цифрлы қолтаңба арқылы е-лицензия порталынан алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: