Үш күндік ауа-райы: Астанада 21°C-қа дейін аяз, Алматыда жылынып тұрады

Дождь, дожди, ливень, ливни, пасмурность, пасмурная погода, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 15:31 Фото: unsplash
Синоптиктер 2025 жылдың 7-9 ақпаны аралығында Қазақстанның үш ірі қаласындағы ауа райы туралы хабарлады. Астанада аяз болған кезде, Шымкентте ауа температурасы 15 градусқа дейін жылынады. Алматыда да аздап жылыну күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ауа райы болжамы

7 ақпанда: құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 12-14 градус аяз.

8 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 10-12 градус аяз.

9 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Аздап жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 7-9 градус аяз.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

7 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдар көктайғақ. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

8-9 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

7 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Аздап жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

8 ақпан: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 10-12 градус жылы.

9 ақпан: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 5-7 градус жылы.

Бұған дейін демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: