Алматыда жасырын есірткі плантациясы анықталды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтап, оның жолын кесті. Заңсыз әрекет көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөле бөлмесінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру жұмыстарына тұрғындардан "102" арнасына келіп түскен хабарлама негіз болды. Хабарламада есірткі заттарына тән күмәнді иістің сезілетіні айтылған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тексеру барысында жертөле ішінде арнайы жабдықтардың орнатылғанын және құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасанды жағдайлардың жасалғанын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған орынға қатысы бар адамдар анықталды. Тергеу барысында сыртқы белгілері бойынша қарасораға ұқсас ондаған түп өсімдік пен кептірілген өсімдік тектес зат тәркіленді.

Сонымен қатар өсімдіктерді өсіруге және оларды заңсыз айналымға дайындауға арналған арнайы құрал-жабдықтар да алынды. Олардың қатарында жарықтандыру құрылғылары, электронды таразылар, вакуумды қаптау аппараты және температураны бақылауға арналған техникалық құралдар бар.

Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаров мұндай құқық бұзушылықтардың ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы