Павлодар облысында "Газель" мен КамАЗ соқтығысты: жолаушы көз жұмды

Сурет: видео скрині
9 маусым күні Павлодар облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция Ақсу өңіріндегі Ақжол ауылының маңында болған "Газель" және КамАЗ көліктерінің қатысуымен болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан "Газель" көлігінің жолаушысы қаза тапты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, "Газель" жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бақылауға, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде сақ болуға және көліктің техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыруға үндеді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған