СҚО-да синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 29 жастағы Астана қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол Петропавл қаласында синтетикалық есірткілерді жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан деген күдікке ілінген.

Жалдамалы пәтерде жүргізілген тінту барысында полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынған 30 ораманы тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың 5,55 грамы "тұз" психотроптық заты, ал 29,21 грамы мефедрон екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес, оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 14 килограмнан астам есірткі затын тәркіледі. Оның шамамен 8 килограмы синтетикалық есірткілерді құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді