Әл-Фарабидегі жол апаты: жәбірленушілер Черновтар отбасының адвокаттарының тегін көмегінен бас тартты

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 12 маусымда Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта "Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты" ісі бойынша негізгі сот отырысында сотталушы Александр Пактың жауап беруі жоспарланған еді. Алайда сот процесі кейінге қалдырылды. Себебі жәбірленуші тарап өз адвокаттарын ауыстырды.

Сот отырысы барысында белгілі болғандай, Mercedes көлігінің қаза тапқан жүргізушісі Еламан Тілемесовтің анасы Ляззат Тілемесова Олег және Анна Черновтар адвокат жұбының тегін заң көмегінен бас тартқан. Енді оның мүддесін адвокат Гүлмира Бабажанова қорғайды. Жаңа адвокат іске қатысты материалдармен танысу үшін уақыт сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырып, процесті 15 маусым, дүйсенбі күні сағат 10:00-ге қалдырды.

"Іс материалдарының көлемі үлкен деп есептемеймін. Сондықтан дүйсенбіге дайын болыңыздар. Басқа амал жоқ, өтініш қанағаттандырылды. Біз жәбірленушінің құқығын бұза алмаймыз, сондықтан бүгінгі сот отырысы кейінге шегеріледі",- деді судья Еркін Майшинов.

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 наурызда Алматыда болған ауыр жол апатынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Мас күйде болған Zeekr жүргізушісі Әл-Фараби даңғылында қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Кейін белгілі болғандай, болжамды кінәлі жүргізуші жол үстінде жарысқа қатысқан болуы мүмкін. Ол аман қалып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Осы қайғылы оқиғадан кейін Алматыға тексеру жүргізу үшін ішкі қауіпсіздік департаментінің, әкімшілік полиция комитетінің және жеке құраммен жұмыс істеу департаментінің қызметкерлері жіберілді. Zeekr жүргізушісі сотта кінәсін мойындады. 8 маусымдағы сот процесінде жәбірленуші тараптар айыпталушыны кешіріп, оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр