Маңғыстау облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Фото: pexels
Маңғыстау облысының Болашақ ауылы алкогольдік ішімдіктерден бас тарту туралы шешім қабылдаған елді мекендердің қатарына қосылды. Осылайша бүгінде өңірде салауатты өмір салтын ұстанып, спирттік ішімдіктерден бас тартқан ауылдардың саны жетіге жетті.

Бұл бастама қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Мұндай тәжірибенің оң нәтижелері уақыт өте келе өз тиімділігін дәлелдеп келеді.

Мәселен, Онды ауылында соңғы үш жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу ісіне полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, ауыл ақсақалдары мен белсенді тұрғындар елеулі үлес қосып келеді. Онды ауылы қауіпсіздігімен ғана емес, тарихи-мәдени мұрасымен де ерекшеленеді.

Бұл ауылда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбайұлы дүниеге келген. Сонымен қатар, Оңды ауылы Қазақстанның үздік 30 ауылының қатарына енген. Өңірдің басқа да елді мекендерінде оң көрсеткіштер байқалады.

Соңғы бір жыл ішінде Бекі, Сарға, Сыңғырлау, Сам және Құланды ауылдарында қылмыс фактілері тіркелмеген. Алкогольден бас тарту, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы және профилактикалық жұмыстардың жүйелі жүргізілуі қоғамдық тәртіптің нығаюына, қауіпсіз ортаның қалыптасуына және Маңғыстау облысы ауылдарының одан әрі дамуына оң әсерін тигізуде.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады