Алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан депортацияланды

Фото: Zakon.kz
19 маусым күні Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті.

Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жауапкершіліктен жалтарып, елімізден тыс жерде жүрген адамдарды анықтау және оларды ұстау бойынша жұмысты жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған