Қазақстанда бүгін Әкелер күні тойланады

Сурет: pixabay
Бүгін Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі. Бұл мереке жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде тойланып, әкенің отбасы мен қоғамдағы рөліне назар аударуға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ халқының дәстүрінде әке – отбасының тірегі, балаға бағыт-бағдар беретін, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиелейтін тұлға. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде, отбасы құндылықтарын сақтауда және жас буынның азамат болып қалыптасуында маңызды орын алады.

Әкелер күні отбасы институтын нығайтуға, әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін дәріптеуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған мерекелердің бірі саналады.

Қазақстанда Әкелер күні 2023 жылдан бері маусым айының үшінші жексенбісінде ресми түрде аталып келеді. Мереке аясында еліміздің әр өңірінде отбасылық, мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Еске салайық, сондай-ақ бүгін Қазақстанда медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстанда әкелер күні аталып өтіліп жатыр

Қазақстанда бүгін Әкелер күні тойланады

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр