Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2026 09:04 Фото: pixabay
Бүгін Қазақстанда медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күн дәрігерлердің, мейіргерлердің, фельдшерлердің, санитарлардың және денсаулық сақтау саласында еңбек ететін өзге де мамандардың қоғамдағы маңызды рөлін айшықтайды.

Медицина қызметкерлері күн сайын азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғап, аурудың алдын алу, емдеу және оңалту бағытында қызмет атқарады. Бұл мамандық терең білімді, жоғары жауапкершілікті, кәсібилік пен өз ісіне адалдықты талап етеді.

Кейінгі жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді. Елімізде күрделі хирургиялық операциялар жасалып, заманауи диагностикалық және емдеу әдістері кеңінен енгізілуде. Бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және медициналық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлері күні – денсаулық сақтау жүйесінде еңбек етіп жүрген мыңдаған маманның еңбегін дәріптеуге арналған кәсіби мереке.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: