Алматыда медицина қызметкерлері аллеясы көріктендірілді

Алматының Медеу ауданында медицина қызметкерлері аллеясын көркейту жұмыстары аяқталды. Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 15:37 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданында медицина қызметкерлері аллеясын көркейту жұмыстары аяқталды. Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Қайта жаңғырту барысында қоғамдық кеңістікте жалпы аумағы 320 шаршы метр болатын жаңа тас төселген жүргіншілер жолдары салынды. Сондай-ақ, қоршаулар орнатылып, заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі, көше шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.

Аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұнда 2,7 мың шаршы метр аумаққа көгал егілді және 260 бұта отырғызылды. Атқарылған жұмыстар тұрғындардың серуендеуі мен демалуына қолайлы, қауіпсіз әрі көрікті қоғамдық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстарын ескере отырып, қала аумағын көркейтуге мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: