Алматы тауларында 4 мың метрден астам биіктікте қалған екі жасөспірім құтқарылды

Сурет: видео скрині
Алматы қаласының құтқарушылары Сәтбаев шыңына көтерілген екі жасөспірімге таудан түсуге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 20 маусым кешке болған. 4 мың метрден астам биіктіктегі Сәтбаев шыңында төтенше жағдай орын алғаны туралы хабар түскен. 2008 жылы туған екі жас өрмелеу кезінде өздігінен төмен түсе алмай қалған.

Құтқарушылар олармен тұрақты байланыста болып, нақты орналасқан жерін анықтады.


"Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметі мен "БАУ" жедел-құтқару жасағының мамандары дереу кірісті. Таулы аймақтың күрделі бедері мен түнгі уақытқа қарамастан, операция сәтті аяқталды", – делінген хабарламада.

21 маусым күні құтқарушылар жасөспірімдерді аман-есен экобекетке түсіріп, ата-аналарына тапсырды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған