Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 23 маусымда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат Мәжілістің ресми сайтында жарияланды.

"​Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.

2026 жылғы 20 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Ерлан Қошановтың төрағалығымен екінші оқылымда Президент туралы, Құрылтай туралы, "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы, елорда мәртебесі туралы, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы конституциялық заңдарды қабылдады.

Сонымен қатар Конституцияға сәйкестендіру, сайлау туралы заңнаманы және прокуратура қызметіне қатысты нормаларды жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін конституциялық заң да екінші оқылымда мақұлданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды