Қазақстанда Қытайдан бензинді баж салығынсыз импорттауға рұқсат берілуі мүмкін

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан жанармай тапшылығы қаупін азайту үшін Қытайдан отын импорттауға қолайлы жағдай жасауды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 25 маусымда Сенат кулуарында Сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшікова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін негізгі жанармай жеткізуші ел дәстүрлі түрде Ресей болып келген. Алайда қазіргі жағдайды ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия аясында үшінші елдерден отын әкелуді ынталандыру мақсатында импорттық кедендік баж салығын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр.

"Қазір импорттық кедендік баждарды төмендету жөнінде шешім қабылдау сатысында тұрмыз. Бұл ең алдымен Қытайдан жанармай импортын ынталандыруға бағытталған. Мұнда әңгіме нақты көлемдер туралы емес, қажетті жағдайда ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін мүмкіндік жасау туралы болып отыр. Кей жағдайларда баж мөлшерлемесі нөлге дейін төмендетілуі мүмкін. Оның көлемі әлемдік мұнай бағасына байланысты белгіленеді", – деді вице-министр.

Оның сөзінше, бұл шара бензинге, дизель отынына және авиациялық отынға қатысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар Қазақстаннан жанармай экспорттауға қойылған шектеулер күшінде қалады.

Жанел Күшікованың айтуынша, Қазақстанға қажет болған жағдайда отынды жеткізе алатын ең жақын елдердің бірі – Қытай.

"Біз қандай да бір кезеңде ішкі нарықта отын көлемі жеткіліксіз болған жағдайда оны үшінші елдерден импорттау мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Мысалы, авиациялық отын бойынша еліміз өзін толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан біз авиациялық отынды сырттан сатып алуды жалғастырамыз. Қазір бұл мәселе бір жылдық кезеңге есептеліп қарастырылуда", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстаннан жанармайды заңсыз шығарудың бірнеше әрекетінің жолы кесілгенін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды