Үкімет Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді

Сурет: Instagram/norway_chess
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында шахматшы Бибісара Асаубаеваға төленетін сыйақыға қатысты дау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, спортшыға қатысты қаржыландыру мәселесі толық шешілген.

"Тағы да қайталап айтқым келеді, Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Мұндай әңгімені кімнің шығарып, не үшін таратып жүргенін білмеймін. Бибісара – еліміздің патриоты. Ол – шахматтан үлкен жетістіктерге жеткен бірегей спортшы. Қазақстан тарихында алғаш рет шахматшы қызымыз әлем чемпионатында қатарынан үш мәрте алтын медаль жеңіп алды. Біз Бибісараны ерекше құрметтейміз. Жақын күндері оның Астанаға келуін күтіп отырмыз. Сол кезде оған мемлекеттік награда салтанатты түрде табысталады", – деді Серік Жарасбаев.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде өзіне тиесілі төлемдерге қатысты мәселені көтеріп, көмек сұраған болатын. Осыдан кейін Туризм және спорт министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме беріп, мәселенің бақылауға алынғанын мәлімдеген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін