Жамбыл облысында мектеп жөндеуіне бөлінген 78 млн теңге бюджетке қайтарылды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеу барысында мердігер орындалмаған жұмыстар үшін 78 миллион теңге артық алған. Бұл қаражат прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет бюджетіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметінше, тексеру нәтижесінде күрделі жөндеу құны негізсіз ұлғайтылып, мердігерге іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін қаржы төленгені анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған 78 миллион теңге толық көлемде бюджетке қайтарылды.

Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 317-бабы бойынша жалпы сомасы 1,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жауапкершілікке:

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде мердігер барлық жөндеу жұмыстарын толық көлемде және белгіленген мерзімде аяқтаған. Осыдан кейін мектеп пайдалануға берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда тротуар плиталарын сатып алуға 368 миллион теңге жұмсау жоспарланғаны туралы хабарланған болатын.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда