30 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Фото: pexels
2026 жылғы 30 маусым, сейсенбі күні Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағында солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы сақталады.

Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпіні күшті жел соғады.

Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында нөсер жауын күтіледі.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-шығыс өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарында аптап ыстық сақталады. Ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары болып қала береді.

Атап айтқанда, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысының батысында және Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ал Жетісу облысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Сонымен бірге, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Атырау облыстарының жекелеген аумақтарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді