Көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз: Полиция ел тұрғындарына үндеу жасады

Фото: Zakon.kz
QR-кодтар бүгінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Алайда алаяқтар да осы технологияны өз пайдасына қолданып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қаскөйлердің жаңа айласы жайлы 2026 жылғы 29 маусымда Абай облысы Полиция департаменті ескертті.

Полицейлер көшеде, аялдамаларда, подъездерде немесе жарнама ілуге арналған тақтайшаларда орналасқан QR-кодтарды сканерлемес бұрын олардың қауіпсіз екеніне көз жеткізуге шақырды. Себебі қылмыскерлер түпнұсқа кодтың орнына өздерінің жалған QR-кодын жапсырып, адамдарды қауіпті сайттарға бағыттауы мүмкін.

"Мұндай сілтемелердің мақсаты әртүрлі болуы ықтимал. Сіздің жеке мәліметтеріңізді немесе банк карталарының деректерін алуға тырысады. Көп жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасадым деп ойлағанымен, қаражат алаяқтардың есепшотына аударылып кетеді",- делінген ақпаратта.

Күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері:

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

"Егер күмәнді QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректеріңізді енгізіп қойған болсаңыз, банкке дереу хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда электросамокаттарға қатысты ауқымды профилактикалық іс-шара басталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды

Дастан Сәтбаев "Челси" клубынан "Бернлиге" жалға берілуі мүмкін

"Аптап ыстық, дауыл, найзағай": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды