Абай облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Фото: pexels
Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті Жарма ауданының аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау жұмыстары жүргізіліп, бағалы металдар заңсыз өндірілген үш учаске анықталды. Заңсыз қызмет барысында топырақ жамылғысына ауқымды зиян келтіріліп, оның ішінде құнарлы топырақ қабаты сыпырылып алынған.

"Тергеу іс-шаралары барысында алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдықтары, арнайы техника және автокөліктер тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда",- деп мәлімдеді ведомство.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін полиция көшедегі күмәнді QR-кодтарға байланысты ел тұрғындарына үндеу жасағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін