Әкімдік ақпаратынша, құтқарушылар Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы өзендеріндегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап, мониторинг бекеттерінен сағат сайын ақпарат алып отырады.
Сонымен қатар, судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін Ақсай өзенінің арнасы тазартылды.
Жауын-шашын басталғанға дейін су басу қаупі бар учаскелерде қала әкімдігінің мердігер ұйымдарының, Құтқару қызметі мен ТЖД-ның күштері мен техникасы алдын ала орналастырылды. Бұл жағдай өзгерген кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
"Қазіргі уақытта ешқандай төтенше оқиға тіркелген жоқ. Құтқарушылар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілікті жалғастырып жатыр",- деп мәлімдеді әкімдік.
Айта кетсек, 1 шілдеде Алматы облысында нөсер жаңбыр салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі туристерді шұғыл эвакуациялауға кірісті. 2 шілдеде Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды сабырға шақырып, Алматы қаласындағы гидрологиялық жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.