Қазақстанда фастфуд, тәтті сусындар және басқа да зиянды тағамдардың жарнамасы шектелуі мүмкін

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант, тұз, қаныққан және трансмайлар мөлшері жоғары өнімдердің балаларға бағытталған жарнамасын шектеу жөнінде ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 11:35 Сурет: pexels
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант, тұз, қаныққан және трансмайлар мөлшері жоғары өнімдердің балаларға бағытталған жарнамасын шектеу жөнінде ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл телеарна мен радиодағы, әлеуметтік желілердегі және сыртқы жарнамаға қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 9 қыркүйектегі мәліметінше, бастаманың мақсаты – маркетингтің балалар мен жасөспірімдердің тамақтану әдеттеріне ықпалын азайту. Ұсыныстар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары мен халықаралық тәжірибе ескеріле отырып дайындалды.

Зерттеу деректері бойынша 6-9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық салмақ, ал 6%-ында семіздік бар. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.

Ведомство бұл өнімдердің өзіне тыйым салу туралы сөз болып отырмағанын нақтылады. Тек оларды балалар арасында жарнамалауды шектеу ұсынылып отыр. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі жаңа шектеулердің реттеушілік әсеріне талдау әзірлеуге кірісті.

Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынған. Ал 2025 жылғы қыркүйектен бастап мектептерде қант пен тұз мөлшері азайтылған жаңа тамақтану стандарты қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: