Жаңалықтар тізбегі
0

ББҚ, диеталық тамақ өнімдері мен косметика жарнамаларын жүзеге асыру ережесі әзірленді

БАД, диеталық тамақ өнімдері, косметика, жарнама, ереже, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 18:10 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, бұл 


  • балалар тағамына арналған тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тағамына арналған ауыз су;
  • диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері;
  • емдік-асханалық және емдік табиғи минералды су;
  • спортшылардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануына арналған тамақ өнімдері;
  • тағамға биологиялық белсенді қоспалар (бұдан әрі – ББҚ);
  • жасанды тотығуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
  • теріні ағартуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
  • татуировкаға арналған косметика;
  • интимдік косметика;
  • теріні зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғауға арналған парфюмерлік-косметикалық өнім;
  • балалар косметикасы;
  • шашты химиялық бояуға, ағартуға және іріктеп бояуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнім;
  • шашты химиялық бұйралауға және түзетуге арналған парфюмерлік-косметикалық өнім;
  • наноматериалдарды пайдалана отырып өндірілген парфюмерлік-косметикалық өнім;
  • депиляцияға арналған парфюмерлік-косметикалық өнім;
  • пилингтер;
  • фторидтердің массалық үлесі 0,15%-дан асатын (ауыз қуысы гигиенасының сұйық құралдары үшін – 0,05%) ауыз қуысы гигиенасына арналған құрамында фтор бар құралдар (фтордың молярлық массасына қайта есептегенде);
  • құрамында сутегі асқын тотығы бар немесе карбамид асқын тотығы мен мырыш асқын тотығын қоса алғанда, сутегі асқын тотығын бөлетін, сутегі асқын тотығының шоғырлануы (ингредиент ретінде немесе бөлінетін) 0,1%-6,0% болатын басқа да компоненттер бар тістерді ағартуға арналған құралдар;
  • дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары (тұрмыста, емдеу-профилактикалық мекемелерде және басқа да объектілерде қолдануға арналған (ветеринарияда қолданылатыннан және өнеркәсіптік өндіріс жағдайында пайдаланылатын биологиялық факторлардың (жәндіктердің) әсерінен дерматологиялық жеке қорғану құралдарына жататын репелленттік құралдардан басқа));
  • тұрмыстық химия өнімі (тауарлары), лак-бояу материалдары;
  • ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамға ықтимал қауіп төндіретін препараттар (дәрілік заттар мен пестицидтерден басқа), өндіріс, қолдану, тасымалдау, қайта өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге қабілетті, табиғи немесе жасанды шығарылған жеке заттар (қосылыстар);
  • шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған материалдар, жабдықтар, құрылғылар және су дайындаудың басқа да техникалық құралдары;
  • ересектерге арналған жеке гигиена заттары;
  • тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бұйымдар (ыдыс-аяқ, асхана керек-жарақтары, технологиялық жабдық пен қаптамадан (тығындау құралдарынан) басқа);
  • латекстен, резеңкеден жасалған немесе силикон сүт емізіктері, емізіктер;
  • бір рет пайдаланылатын санитариялық-гигиеналық бұйымдар (құрамында ылғал сіңіретін материалдар (жөргектер, ішкиімдер мен жаялықтар), сондай-ақ гигиеналық мақта таяқшалары (мұрын мен құлаққа арналған) және бала күтіміне арналған басқа да осыған ұқсас бұйымдар);
  • пластмассадан, шыныдан, металдан жасалған ыдыс-аяқ және асхана құралдары (тамақ өнімдеріне арналған шыныаяқтар, табақшалар, ішетін ыдыстар, тәрелкелер, тостағандар, қасықтар, шанышқылар, пышақтар, бөтелкелер және басқа да балаларға арналған осыған ұқсас бұйымдар), керамикалық (фаянс, шыны керамика, қыш және майолик) ыдыс-аяқ, 3 жасқа дейінгі балаларға арналған бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ (қағаздан, картоннан және пластмассадан жасалған); 
  •  тіс щеткалары, химиялық ток көздерінен қуаттанатын электрлі тіс щеткалары, қызылиекке арналған массажерлер және басқа да осыған ұқсас бұйымдар;
  • 3 жасқа дейінгі балаларға арналған трикотаж және тоқыма материалдардан жасалған 1-ші қабаттағы ішкиім (денеге киетін ішкиім және шомылуға арналған) бұйымдары;
  •  3 жасқа дейінгі балаларға арналған 1-ші қабаттағы шұлық трикотаж бұйымдары;
  • 3 жасқа дейінгі балаларға арналған 1-ші қабаттағы трикотаж және тоқыма материалдардан жасалған бас киімдер (жазғы);
  • Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарымен сәйкестікті бағалау тіркеу (мемлекеттік тіркеу) нысанында белгіленген өзге де өнім (тауар).

Өнімнің (тауардың) жарнамасы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс және (немесе) басқа да тілдерде таратылады;
  • мәтіндік жарнама оңай оқылуы, анық және түсінікті қаріппен басып шығарылуы тиіс; аудио жарнама түсінікті және анық аудио сүйемелдеумен бірге орналастырылуы тиіс; бейне жарнама түсінікті және анық дыбыстық және бейне сүйемелдеумен бірге орналастырылуы тиіс;
  • сенімді және (арнайы білімді қолданбай немесе арнайы құралдарды қолданбай) танылатын болуы;
  • тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеу және сынақ нәтижелеріне қатысты оларды жаңылыстырмауы;
  • өнімнің (тауардың) сауда атауын және өндірушінің атауын қамтуы;
  • егер ол өнімнің (тауардың) атауынан туындамаса, өнімнің (тауардың) тағайындалуы;
  • егер өндіруші көрсеткен болса, арналып жасалған адамдардың санаты туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;
  • негізгі көрсетілімдермен, қолдануға қарсы көрсетілімдермен және жанама әсерлермен (олар болған кезде) танысу қажеттігі туралы нұсқау.

Мыналарға тыйым салынады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында өндіруге және (немесе) өткізуге тыйым салынған өнімнің (тауарлардың) жарнамасына;
  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ өнімнің (тауарлардың) жарнамасына;
  • жарнамада өздерінің атағының арқасында өнімді (тауарларды) қолдануды және (немесе) тағайындауды ынталандыруы мүмкін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға тыйым салынады.

ББҚ жарнамасында мынадай ақпарат болады:

  • құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтер;
  • қолдануға негізгі көрсетілімдері;
  • қолдану тәсілі және дозалары;
  • негізгі жанама әсерлері;
  • негізгі қарсы көрсетілімдері;
  • балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ емшек емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;
  • босату шарттары;
  • қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымдар;
  • өндірушісінің және өндіруші Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген адамның атауы, мекенжайы.

Жарнамада ББҚ-ны бірегей, анағұрлым қауіпсіз және тиімді деп ұсынуға, сондай-ақ ББҚ-ны дәрілік заттармен және (немесе) емдік қасиеттерін салыстыруға тыйым салынады.

ББҚ жарнамасы әрбір жағдайда жарнамалау объектісінің дәрілік зат болып табылмайтындығы туралы ескертумен қатар жүреді, сондай-ақ өздерінің атағының арқасында арнайы тамақ өнімін қолдануды және (немесе) тағайындауды ынталандыруы мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының ұсынымдарына сілтемелерді қамтымауы тиіс.

Қоғамдық көліктерде, оларды тағайындауға, пайдалануға және босатуға қатысы жоқ ұйымдарда ББҚ жарнамасын таратуға және орналастыруға тыйым салынады.

Дезинфекциялау құралының жарнамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

  • дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі ұсынымдар;
  • дезинфекциялау құралымен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.

Құжат жобасы қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына 2024 жылдың 29 мамырына дейін орналастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: