СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында 40 жастағы ер адамның 13 жастағы қызды зорлап, түні бойы ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккен қыз кешке дүкеннен шыққан кезде, ер адам оны көріп, мотоциклмен қыдыруды ұсынған. Қыз келіскен көрінеді, содан кейін ол оны ауылдан алып шыққан. Жасөспірімді түні бойы іздеп, таңертең көрші елді мекеннен тапқан.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен Айыртау ауданының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", — деп жауап берді полициядан.

Тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін