Қызылорда облыстық мәслихат сессиясында жаңа Конституцияның маңызы айтылды

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттың кезекті XXXIV сессиясына қатысқан Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев күшіне енген жаңа Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленгенін атап өтті.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жаңа Преамбулада байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығын сақтау басты қағидат ретінде бекітілген. Билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылып, басқару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылды.

Бұл – мемлекетіміздің тұғырын нығайтып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға негіз болатын маңызды құжат. Мұның барлығы –Қазақстанды демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар.

Жаңа Ата Заңымыз күшіне енгеннен кейін Президентіміз 23 тамызда Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын саяси кезеңде баршаңызды елдік мүдде жолындағы маңызды іске белсенді қатысуға шақырамын", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиында бірқатар азаматқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жолдаған Құттықтау хаты және Конституцияның арнайы басылымы табыс етілді.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды