"4 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Орал, Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін 3 шілдеде үкімет басшысы Олжас Бектенов ағымдағы гидрологиялық жағдай бойынша жиын өткізген болатын.