Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: жел, жаңбыр және аптап ыстық

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 5-7 шілде аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

5 шілде: Көшпелі бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.

6 шілде: Көшпелі бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел солтүстік және солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

7 шілде: Көшпелі бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.

Алматы

5 шілде: Көшпелі бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

6 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

7 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкент

5 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C.

6 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.

7 шілде: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін