Қызылордада Ұлттық домбыра күніне орай “Домбыра – халық мұрасы” атты мәдени іс-шара өтті

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі
Бүгін Президент саябағында Ұлттық домбыра күніне орай "Домбыра – халық мұрасы" атты ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шара өтті.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қатысып, жұртшылықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз", – деп бүгінгі мерекенің маңызын ашып көрсеткен болатын. Бұл – бабалар үнін, Ұлы Даланың сарынын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген домбыраны ұлықтайтын, ұлы мұраттарға бастайтын мереке. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қадірменді өнерсүйер қауым! Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – домбыра төрімізден түспесін!" – деді.

Мерекелік бағдарлама саябақтың амфитеатрындағы салтанатты концерттен басталды.

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Көрерменге Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрі, облыстық филармония әншілері, күні кеше өткен "Сыр толқыны" ІІІ республикалық күйшілер конкурсына қатысқан өнерпаздар, жетекші шығармашылық ұжымдар мен дәстүрлі орындаушылар өз өнерін ұсынды.

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Сонымен қатар, саябақ аумағында "Ұлттық өнер – ұлы қазына" атты мамандандырылған кітап және музей жәдігерлерінің көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге сирек кездесетін тарихи экспонаттар мен әдеби мұралар таныстырылды.

Креативті индустрия өкілдері мен жергілікті қолөнершілердің өнімдері қойылған көрме-жәрмеңкеде кәсіби домбыра жасаушы шеберлер аспап әзірлеудің қыр-сырын үйрететін шеберлік сағаттарын өткізді.

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Сондай-ақ жастар арасында тақырыптық флешмоб ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өтті. Орындаушылар мен өнерсүйер қауымның басын қосқан еркін форматтағы "Dombyra Party" музыкалық жобасы да мерекенің көркін қыздырды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді