10 шілдеден бастап төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақыланады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда көлік құралдарының орташа жылдамдығына бақылау енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың жекелеген учаскелерінде орташа жылдамдықты бақылауды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүзеге асырады.

"Жаңа шара жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жылдамдық режимін бұзу фактілерінің алдын алуға және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған", – деп мәлімдеді ұлттық компанияның баспасөз қызметі 8 шілдеде.

Орташа жылдамдық екі бағытта мына жол учаскелерінде бақыланады:

Ұлттық компанияның мәліметінше, жүйенің басты мақсаты – жүргізушілерді жазалау емес, жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу.

"Тәжірибе көрсеткендей, жылдамдықты шамадан тыс асыру – ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі камера алдындағы бір сәттік емес, жүргізушінің бүкіл жол учаскесіндегі нақты қозғалыс жылдамдығын есептейді. Осылайша жүргізушінің тек камераның алдында ғана баяулап, кейін қайтадан жоғары жылдамдықпен жүруіне жол берілмейді", – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, жылдамдық режимін автоматты түрде тіркеу жүйесі республикалық автожолдардағы апаттылықты төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары аясында енгізіліп жатыр.

Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды ақылы жол учаскелеріне ерекше назар аударылған, өйткені мұнда жылдамдық режимін сақтау барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүргізушілерді жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға, "Ең жоғары жылдамдықты шектеу" жол белгілерінің талаптарын сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін асырмауға шақырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін