Абай облысында жүргізушінің жолға назар аудармауынан жолаушы көз жұмды

Сурет: Абай облысы полиция департаменті
9 шілде күні сағат 08:40 шамасында Алматы – Өскемен тасжолының 885-шақырымында, Абай облысы Жарма ауданына қарасты Жарма ауылы маңында төрт көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі жолға назар аудармай, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Кейін жол апатына тағы екі көлік – Toyota Windom жеңіл автокөлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан.

Апат салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдайда") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды