20 жылға жуық уақыт ішінде байқау отандық өндірушілерді ынталандырып, ісін ілгерілетуге тың серпін беріп келеді. Бұл жолы да көрмеге жергілікті кәсіпорындардың тамақ өнімдері, күрделі өнеркәсіптік және тұрмыстық құрал-жабдықтар қойылды.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Салтанатты іс-шарада сөз алған аймақ басшысы бәсекеге қабілетті өнім шығарып, сапалы қызмет көрсету еліміздің өркендеуіне нақты іспен үлес қосу екенін атап өтті.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
"Мықты әрі бәсекеге қабілетті бизнес – мемлекеттің басты тірегі. Өңіріміз өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі жағынан елімізде төртінші орынды иеленіп отыр. 2026 жылдың алғашқы 5 айында өнеркәсіп көлемі 1,7 триллион теңгеге жетсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсім көрсетті. Жалпы, аймаққа тартылған инвестицияның 49%-ы дәл осы өнеркәсіп саласына бағытталған. Президент тапсырмалары аясында бизнеске қолайлы жағдай жасау, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары жүйелі жалғаса береді", — деді Нариман Төреғалиев.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Байқау қорытындысында "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Конденсат" АҚ және "QazExpoCentre-Pipe" ЖШС, "Халық тұтынатын үздік тауарлар" аталымы бойынша "Меко" ЖК, "Оқжетпес life" ҚБ, "Имар" ЖК, "Үздік азық-түлік тауарлары" аталымы бойынша "Желаев астық өнімдері комбинаты" АҚ, "Қаз-ақбас" ЖШС, "Маканова" ЖК үздік деп танылып, қаржылай сыйлыққа ие болды.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, жеңімпаздар күзде Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.