Доллар қымбаттай ма? Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 10 шілдеде доллар бағамының өсу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қазақстан жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерді көрсетіп отыр.

"Алдағы уақытта доллар деңгейіне қатысты айтар болсам, бұған дейін айтқанымдай, экономикамыздың іргетасы мықты. Өткен жылы төлем балансы тапшылықпен жабылды, ал биыл, болжам бойынша, профицит болады. Бұл — өте жақсы макроэкономикалық көрсеткіш. Импорт көлемі шамамен сол деңгейде сақталып отыр, сәйкесінше валютаға деген қосымша үлкен сұранысты да байқап отырған жоқпыз", — деді Сүлейменов.

Ол осы факторларды ескере отырып, доллар бағамы айтарлықтай өзгермейді деп санайтынын атап өтті.

"Сондықтан қарапайым экономикалық және нарықтық талдау тұрғысынан алғанда, доллар бағамы қатты өзгермейді. Оның өз маусымдық ерекшеліктері, белгілі бір көрсеткіштері бар. Бірақ олардың барлығына қатысты нақты болжам айтпаймын, өйткені бұл мәселеге нарық жауап береді", — деді Ұлттық банк төрағасы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды