Алматының бір бөлігінде 15 шілдеде суық су өшіріледі

Фото: freepik
Алматының кейбір тұрғындары мен қала қонақтары алдағы сәрсенбі, 15 шілде күні суық сусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 10 шілдеде "Алматы Су" МКК мәлімдеді.

"Су құбыры желілерінде жұмыстар жүргізілуіне байланысты 15 шілде күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін мына аумақта: әл-Фараби даңғылы – Есентай өзені – Тимирязев көшесі – Ботаникалық бақ аумағы, соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында суық су беру уақытша тоқтатылады", – делінген хабарламада.

Мекеме тұрғындар мен тұтынушылардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қажетті жұмыстарға байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды ескертті.

Қосымша ақпарат алу үшін 109 немесе 274-66-66 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады