Канистрлерге құйып өткізбек болған: Қазақстанда жанармайды заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында жыл басынан бері шекара арқылы бензин мен дизель отынын алып өтпек болған жүзге жуық әрекеттің жолы кесілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ирбис ТВ" мәліметіне сүйенсек, көбіне заң бұзушылар жанармайды канистрлерге құйып, жеңіл көліктермен шекарадан өткізуді көздеген.

Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары шекара маңындағы 15 жанармай құю станциясында бақылау жүргізіп, жанармайдың сатылу көлемін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Соған қарамастан, облыстағы кедендерде заңсыз әкетілмек болған шамамен төрт мың литр жанар-жағармай тәркіленді. Оның 1 мың 390 литрі – бензин, 2 мың 500 литрі – дизель отыны.

Айта кетейік, 2026 жылдың соңына дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге авиациялық керосин, дизель отыны мен мұнай битумын экспорттауға да тыйым салынған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған