Салалар мен өңірлер басшылары экономиканың өсу көрсеткіштері үшін тікелей жауап береді - Олжас Бектенов

Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында мемлекеттік органдардың басшылары экономикалық өсімнің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жеке жауапкершілік арқалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, шағын және орта бизнес ел экономикасының өсіміне серпін беретін негізгі күш болып қала береді.

"Біз оның одан әрі дамуына қажетті барлық жағдайды жасауымыз керек. Барлық мемлекеттік органдар "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өңірлердегі кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істеуі қажет. Бұл олардың бизнес-бастамаларын жан-жақты қолдауға мүмкіндік береді. Туындайтын барлық мәселелер жедел шешімін табуы тиіс. Әріптестер! Салалар мен өңірлер бөлінісінде экономикалық өсімнің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін әрбір басшы жеке жауап береді", – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы қазіргі қарқынды бәсеңдетуге болмайтынын атап өтіп, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қолда бар мүмкіндіктер мен ресурстарды тиімді жұмылдыру қажет екенін айтты.

Бұған дейін Қазақстан бюджетінің кірісі шамамен 16%-ға өскенін жазғанбыз.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз