Пайдалы ақпарат: Бұл қызмет арқылы алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдей алмайды

Фото: gov4c.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 14 шілдеде азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында "Стоп-кредит" қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту қызметі көзделгенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызмет қаржылық алаяқтықтың алдын алу үшін көзделген.

"Әрбір азамат банктік қарыздар мен микрокредиттерді ресімдеуге өз бетінше тыйым сала алады. Бұл қызмет E-gov порталында және мобильді қосымшасында қолжетімді",- делінген ақпаратта.

Қызметті компьютер арқылы қосу үшін:

Қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпарат "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.

Тыйым салуды E-gov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да ресімдеуге болады. Ол үшін Танымал қызметтер бөліміндегі басты бетте Қарыздар мен микрокредиттерден бас тартуды таңдау керек. Мұнда деректер толтырылады және әрекеттер ЭЦҚ қолымен расталады.

Қызметті іске қосқаннан кейін азаматтың кредиттік тарихында қарыз алуға тыйым салу туралы тиісті белгі пайда болады. Бұл ақпарат банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредиттік бюроларға жүгінген кезде қолжетімді болады. Кредит алуға өтінім берілген жағдайда қаржы ұйымы оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер белгіленген тыйымға қарамастан, қарыз азаматтың келісімінсіз ресімделетін болса, мұндай қарыз есептен шығаруға жатады.

Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, қызметтің қолданысын кез келген уақытта жоюға болады.

"Сонымен қатар, бұл тыйым қарыз алушыларды бағалау кезінде кредиттік бюролардың деректерін пайдаланбайтын ломбардтар мен өзге де ұйымдарға қолданылмайтынын ескеру қажет",- деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша "Стоп-кредит" сервисін 6,3 млн рет пайдаланды.

Бұған дейін Ұлттық банк елдегі инфляция деңгейіне қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды