Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайы қандай: Үкімет жаңа мәліметтерді жариялады

Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына қатысты жаңа көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2021 жылдан бері ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. Егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 33,5% болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 40,9%-ға жеткен.

"Жеке кәсіпкерлердің бір бөлігінің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына ауысқанына қарамастан, экономикада жұмыспен қамтылған бір адамға шаққандағы жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) оң өсімді сақтап отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылған бір адамға шаққандағы ЖҚҚ экономиканың көптеген саласында артты. Ең жоғары өсім өңдеу өнеркәсібінде – 25,7%, көлік және қоймалау саласында – 19,6%, құрылыс саласында – 19,1% тіркелді. Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің 60%-дан астамы сауда, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларында шоғырланған. Сонымен қатар 2020–2025 жылдар аралығында тіркелген ШОБ субъектілерінің ішінде нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың үлесі 84,3%-дан 92,2%-ға дейін өсті", – деді Серік Жұманғарин.

Министрдің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елдегі жұмыспен қамтылғандар саны өсіп, 9,4 миллион адамға жеткен. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, шағын және орта бизнесте 4,5 миллион адам еңбек етеді.

"Жұмыспен қамту деңгейіне немесе жалпы экономикалық белсенділікке айтарлықтай теріс әсер байқалып отырған жоқ. Керісінше, еңбек ресурстары мен кәсіпкерлік белсенділік экономиканың өнімділігі жоғары салаларына қайта бөлініп жатыр. Жалпы қазіргі үрдістер кәсіпкерлік ортаның ашықтығы біртіндеп артып келе жатқанын, тек формалды түрде тіркелген субъектілердің үлесі азайып жатқанын және бизнестің қазіргі экономикалық жағдайға бейімделіп жатқанын көрсетеді", – деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Жұманғарин Серік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды