2026 жылғы 15 шілдеде "Ирбис ТВ" телеарнасының хабарлауынша, ұрлық спирттік ішімдік ішу барысында болған.
Мас күйде болған Ақсу қаласының тұрғыны танысының ұялы телефонын жасырын түрде иемденген. Аталған факті бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Сот әйелді ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Енді ол мерекелер мен ойын-сауықтың орнына пробация қызметінің есебінде болып, сот белгілеген талаптарды сақтауға міндетті", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға Telegram желісінде пайда болған алаяқтықтың жаңа қауіпті тәсілі туралы ескерту жасаған болатын.