Астанадағы жарылыстан зардап шеккендер саны артты
Фото: pexels
Астанада тандыр самса дайындалатын орында болған жарылыстан зардап шеккендер туралы жаңартылған ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, газ баллонының жарылуы салдарынан төрт адам зардап шеккен.
"Олардың екеуі №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Бір науқасқа амбулаториялық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Тағы бір зардап шегуші №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Еске салайық, 16 шілде күні таңертең Астананың Байқоңыр ауданында базар аумағындағы тандыр самса дайындалатын орында жарылыс болды. Алғашында оқиға орнынан үш адамның зардап шеккені хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript