Теміртау әкімі отставкаға кеткенін мәлімдеді

Сурет: gov.kz
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов 2026 жылғы 16 шілдеде Теміртау қаласының әкімі ретіндегі жұмысын аяқтағанын әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзінің үндеуінде Әшімов әрбір теміртаулыққа бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы және ашық диалогы үшін алғысын білдірді.

"Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Алда қандай қызметтер күтіп тұрса да, жүрегімнің бір бөлшегі – металлургтер қаласында, қайсар жандар мен ерекше мінездің мекені болған Теміртауда қалады... Сіздерге білдірген сенімдеріңіз үшін рақмет! Бірге атқарған ортақ еңбегіміз үшін алғыс айтамын!". Ғалым Әшімов

Ғалым Әшімов еңбек жолын 1989 жылы "Жәйрем тау-кен байыту комбинаты" АҚ-дан бастап, 10 жыл бойы мекемеде түрлі қызметтер атқарған. Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы Жәйрем кентінің әкімі, Қаражал қаласының әкімі, блысы әкімі аппаратының басшысы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ басшысы сынды өзге де лауазымдарды абыроймен атқарған. 2015 жылы Теміртау қаласының әкімі ретінде сайланып, араға уақыт салып 2024 жылы бұл қызметке қайта келген.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады