Астанада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы жедел тауып, ата-анасымен қауыштырды

Сурет: polisia.kz
Астана қаласы полиция департаменті Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен 6 жасар баланы жедел іздестіріп, аман-есен ата-анасымен қауыштырды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іздестіру ісіне Алматы ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Сержан Бөлегенов, және криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Самғат Абжанбай ат салысты.

Оқиға таңғы уақытта болған. Ата-анасы жұмысқа дайындалып жатқан сәтте бала ешкімге айтпай, үйден шығып кетіп, жол бойымен туысының үйіне қарай бет алған. Біраз уақыттан кейін баланың үйде жоқ екенін байқаған ата-анасы бірден "102" арнасына хабарласып, оның жоғалғаны туралы мәлімдеген.

Үйлесімді және кәсіби әрекеттердің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен баланың жүрген бағыты анықталып, аз уақыт ішінде бүлдіршін аман-есен табылып, ата-анасына табысталды.

Баланың ата-анасы полицейлерге шынайы ризашылықтарын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз