Түнде және күндіз Қарағанды облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 21 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қалада жоғары өрт қаупі сақталады деп болжанады.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 21 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрып, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың қиыр оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 21 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 21 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 21 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 21 шілдеде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 37-38 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда 21 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 21 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұратыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 21 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 21 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 21 шілдеде түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.
Астанада 21 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жорғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдейтінін хабарлаған.