Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Сурет: Әли Ғалым
Бүгін, 21 шілде күні Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясынан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын партиялық тізімді тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дереккөзге сүйенсек, тізімде 186 кандидат бар. Олардың арасында әр саланың өкілдері, атап айтқанда, заңгер, ғалым, кәсіпкер, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен қоғамдық қызметтердің өкілдері бар.

"Әділет" партиясы партиясы Құрылтай сайлауына заң үстемдігі, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарына негізделген бағдарламасымен қатыспақ.

Бағдарламаның негізгі басымдықтары арасында цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтіп, азаматтардың өмірін жақсарту сияқты бағыттар бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Әділет" партиясының кезектен тыс өткен III съезінде Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекіген еді.

Сурет: Әли Ғалым

Естеріңізге сала кетейік, елдегі ең жоғары органдардың біріне айналатын Құрылтайға 145 депутат сайланады. Сайлау 23 тамызда өтеді.

Кандидаттардың толық тізімін сілтемеге өту арқылы көре аласыз.

Қазақстан
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды