Министрдің айтуынша, Қазақстанда коммерциялық тұрғын үйдің бағасын мемлекет реттемейді.
"Қазіргі таңда еліміз бойынша коммерциялық тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы шамамен 617 мың теңгені құрайды. Ал әлеуметтік тұрғын үйге келсек, мемлекеттің ұстанымы нақты – біз оның бағасын бақылауда ұстаймыз, сондықтан ол қымбаттамайды. Бағаның өсетіні немесе төмендейтіні туралы болжам жасағым келмейді, бірақ қазіргі жағдайда оған негіз жоқ", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, жаз мезгілінде тұрғын үй нарығындағы белсенділік дәстүрлі түрде артады.
Сонымен қатар министр жеткіліктілік шегінің көтерілуі қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне ешқандай әсер етпегенін айтты.
Бұған дейін Өнеркәсіп министрлігі Қазақстанда электромобильдерге сұраныстың артуына қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.