Мас жұмысшы бастығының көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына ұшырады

Сурет: Ақмола облысы полиция департаменті
Степногорскіде мас күйдегі жұмысшы бастығы ұйықтап жатқанда оның Lexus GX470 автокөлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол талғамайтын көліктің иесі көлігінің ұрланғанын және апатқа түскенін тек үйіне келген полиция қызметкерлерінен естіген.

Оқиғаға қатысты Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама 102 пультіне түскен.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйде болғанын және көліктің оған тиесілі емес екенін анықтады.

"Көлік құралын заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жол талғамайтын көліктің иесін анықтап, тапты. Белгілі болғандай, ер адам өзінің көлігі ұрланғанын да білмеген", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 21 шілдеде.

Көлік иесінің айтуынша, ол кешке үйінде ұйықтап қалып, көліктің кілтін жанына қалдырған. Сол кезде үйде оның жұмысшылары болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылардың бірі иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, көліктің кілтін алып кеткен. Кейін досымен бірге ішімдік ішуге шығып, соның салдарынан жол апатына түскен.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді