22 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының шығысында солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, аздаған жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 22 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20, облыстың онтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенші өрт қаупі күтіледі. Семейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, онтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 22 шілдеде күндіз қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, түнде облыстың орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақытарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жорғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда жаңбыр, найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады