Қазақстандағы тас жолдарда жазғы шектеулер енгізілген: ол кімдерге қатысты

Фото: unsplash
Қазақстанда жаз мезгілінде ауыр жүк көліктеріне уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі. Бұл туралы 2026 жылғы 22 шілдеде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомтсво жүк тасымалдаушылар мен ауыр жүк көліктерінің иелеріне республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жаз мезгілінде қолданылатын уақытша қозғалыс шектеулерін еске салды.

"Шектеулер дара оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарына қатысты қолданылады және тек ауа температурасы +25 C-тан жоғары болған кезде, әр өңір үшін белгіленген уақыт аралығында ғана күшіне енеді. Яғни, бұл жүк көліктерінің қозғалысына толық тыйым салу емес, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын маусымдық реттеу шарасы". "Қазавтожол" ҰК" АҚ

Бұл талаптардың негізгі мақсаты – аптап ыстық кезеңінде жол жабынын сақтау.

Жоғары температураның әсерінен асфальтбетон қызады және ауыр жүктемеге сезімтал бола түседі. Осындай жағдайда ауыр жүк көліктерінің қозғалысы жолда іздердің (ойықтардың), толқын тәрізді деформациялардың және басқа да мерзімінен бұрын пайда болатын ақаулардың қалыптасуына себеп болуы мүмкін.

Шектеулердің қолданылу мерзімі

1 маусымнан 15 тамызға дейін, сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін, ауа температурасы +25 C-тан жоғары болған жағдайда мына өңірлерде шектеулер қолданылады:

1 маусымнан 31 тамызға дейін, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, ауа температурасы +25 C-тан жоғары болған жағдайда шектеулер мына өңірлерде қолданылады:

"Көрсетілген уақыттан тыс кезеңде, сондай-ақ ауа температурасы +25 C және одан төмен болған жағдайда көлік қозғалысы белгіленген салмақтық және габариттік талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады". "Қазавтожол" ҰК" АҚ

Сонымен қатар, А-1 "Астана – Петропавл (Көкшетау арқылы)" автомобиль жолының 68–196 шақырым аралығында ерекше талаптар белгіленген.

Бұдан бөлек, қолданыстағы нормативтерде қосарланған, үштік және өзге де ось топтарына түсетін шекті жүктемелер белгіленген.

Шектеулер қолданылмайтын көлік құралдары

Жазғы шектеулер төмендегі көлік құралдарына қолданылмайды:

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ тасымалдаушыларды жол жүру бағыты мен уақытын алдын ала жоспарлауға, ауа райы болжамын ескеруге, осьтерге түсетін жүктемені бақылауға және белгіленген салмақтық параметрлердің сақталуын қамтамасыз етуге шақырады.

Атап өтілгендей, маусымдық талаптарды сақтау жол жабынының мерзімінен бұрын бұзылу қаупін азайтып, республикалық автомобиль жолдарының қалыпты пайдалану жағдайын сақтауға және барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі мен қолданыстағы шектеулер туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Бұған дейін Алматы мен Шымкентте қайтадан ыстық күшейетіндігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады