Белгілі болғандай, соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "кешенді тестілеуден өткізіп береміз", "грантқа түсіріп береміз", "тест сұрақтарының жауаптары бар" деген мазмұндағы жалған хабарламалар жиі таралуда.
Алайда, мұндай ұсыныстардың барлығы – алаяқтық әрекеттер.
"Азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырамыз",- делінген ведомствоның үндеуінде.
Ұлттық тестілеу орталығының мамандарының айтуынша, әр кешенді тестілеуге қатысушыға жеке тест нұсқасы қалыптастырылады. Сондықтан интернетте таралатын "тест сұрақтары" немесе "жауаптар" нақты кешенді тестілеу тапсырмаларымен сәйкес келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық фактілер анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылады және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі". Ұлттық тестілеу орталығы
Бұған дейін болашақ магистранттарға тестілеу алдындағы маңызды ережелер еске салынғанын жазғанбыз.