Болашақ магистранттарға тестілеу алдындағы маңызды ережелер еске салынды
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) бүгін, 2026 жылғы 23 шілдеде магистратураға түсушілерге маңызды ақпарат жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кешенді тестілеуге қатысушыларға мынадай талаптар еске салынды:
- өзіңізбен бірге тек жеке куәлік пен қалам алуға болады;
- ғылыми-педагогикалық бағытқа түсушілер үшін тестілеу уақыты – 3 сағат 55 минут, ал бейіндік бағытқа түсушілер үшін – 1 сағат 40 минут;
- тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция тест аяқталып, нәтижемен танысқаннан кейін 30 минут ішінде беріледі, ал техникалық себептерге байланысты апелляция тек тестілеу барысында ғана қабылданады.
Еске салайық, 2026 жылғы 21 шілдеде Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға қабылдау науқанының күнтізбесін жариялап, талапкерлерді маңызды мерзімдерді өткізіп алмауға шақырған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript