"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 09:35 Фото: unsplash
Бүгін Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гидрометеорологиялық орталықтың сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес:

"2026 жылғы 23 шілдеде Ақтөбе қаласында, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсияның үйлесуі.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүру уақытын қысқарту ұсынылады.

Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру қажет.

Айта кетейік, бір күн бұрын, 22 шілдеде де Қазақстанның осы екі ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелген еді: күндіз Ақтөбеде, түнде Атырауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: